Бірінші топқа қабылдау жүріп жатыр
kemel bilim · онлайн білім беру орталығы
Ағылшынды қазақша түсініп үйрен
A1 деңгейі — нөлден, алты айда. Қысқа видеосабақтар мен ойын-жаттығулар, бәрі сайтта, өз қарқыныңмен. Алғашқы алты сабақ — тегін: тіркелген бойда бастайсың.
Карта керек емес · Спам жоқ
Дәрігермін
I am a doctor
«-мін» ағылшынша — am
- алғашқы 6 сабақ — тегін
- 24 сабақ
- 6 ай
- апта сайын жаңа тақырып
- күніне 20–30 минут
Мектепте он бір жыл оқыдың — сөйлей алмайсың
Ереже жаттадың, тест тапсырдың. Бірақ сөйлеуді ешкім үйретпеді. Мұнда алғашқы сабақтан-ақ фразаны өзің айтасың.
Орысша түсіндіретін курстар қиын
Ағылшынды орысша арқылы оқысаң, бөгет екеу болады. Біз қазақша түсіндіреміз — бөгет біреу-ақ.
Бастадың да, тастадың
Күніне 20–30 минут, апта сайын бір тақырып, көз алдыңдағы прогресс. Жүйе тастап кетпейтіндей құрылған.
Ағылшын сен ойлағаннан жақын
Дәрігермін
↓
I am a doctor
Қазақшада «дәрігерМІН» дегенде жалғауды қосасың — ағылшында дәл сол қызметті am атқарады. Сен бұл құрылымды күнде қолданасың, тек ағылшыншасын байқамайсың.
She nurse ✗
Осы қатені он адамның тоғызы жасайды. Курс қазақтілділердің қателерін біліп жазылған — сені де осындай тұстардан өткізеді.
жасап жатырмын → I am doing
Ағылшынның Continuous-ы саған бұрыннан таныс: «жасап жатырмын» деп күнде айтасың. Орыстілділерге қиын тақырып сен үшін оңай болып шығады.
Бұл орысшадан аударылған курс емес — қазақша ойлайтындарға арнап жазылған.
Сабақты өз көзіңмен көрші
Мынау — нағыз сабақтан үзінді және платформаның көрінісі: видео мен ойындар бір жолда, апта сайын жаңа тақырып ашылады.
Бірінші сабақтан үзінді — дыбысын қосып көрші
Менің жолым
A1 · 1-апта
- ✓
1-сабақ
Жасырын be
- ✓
Ойын
Сөзді тап
- ▶
2-сабақ
Ол кім?
- •
Ойын
He ме, she ме?
- •
Checkpoint
Жиын күні
Платформа — сабақ жолың, телефоннан-ақ оқисың
Қалай өтеді?
01
Көресің
7–10 минуттық видеосабақ: ережені жаттатпаймыз — алдымен мысалмен көрсетеміз, қазақша түсіндіреміз.
02
Бекітесің
Әр сабақтан кейін — ойын-жаттығулар. Көргеніңді бірден өзің қолданасың.
03
Сөйлейсіңклуб тарифінде
Аптасына бір рет — тірі топтық практика. Топ тегін сабақтардан өткендерден жиналады, куратор қасыңда болады.
Бағдарлама: A1 → B2
Апта сайын — жаңа тақырып. Төлем ай сайын, кез келген айда тоқтатасың. A1 мен B2 — халықаралық деңгейлер: A1 — ең басы, B2 — еркін сөйлеу.
A1
6 ай
Нөлден бастайсың: өзің туралы айтасың, сұрақ қоясың, қарапайым әңгіме құрасың.
A2
6 ай
Күнделікті тақырыптарда еркін сөйлей бастайсың.
B1
12 ай
Пікіріңді айтасың, оқиға баяндайсың, жұмыста қолданасың.
B2
12 ай
Күрделі тақырыптарда да сенімді сөйлейсің.
Неге B1 мен B2 ұзағырақ? Әр келесі деңгейге алдыңғылардың бәріне кеткендей уақыт керек — бұл халықаралық CEFR өлшемі. «B2 үш айда» деген уәдені біз бермейміз: ол орындалмайды.
kemel bilim
онлайн білім беру орталығы
Біз туралы
Қазақша білім алудың жаңа тәжірибесін жасаймыз
kemel bilim — заманауи білімді қазақ тілінде түсінікті әрі қолдануға ыңғайлы ететін онлайн орталық. Біз видеоны, практиканы және қолдауды бір-бірін жалғастыратын тұтас оқу жүйесіне біріктіреміз.
Алғашқы бағытымыз — ағылшын тілі. Бұл аударылған курс емес: бағдарлама қазақша ойлайтын адамға арналып, басынан бастап жасалды.
01
Мазмұнды өзіміз жасаймыз
Әдістемеден видео мен ойынға дейін — әр элементті бір оқу тәжірибесінің бөлігі ретінде құрамыз.
02
Қазақша ойлаудан бастаймыз
Дайын курсты аудармаймыз. Тақырыпты қазақ тілінің логикасы арқылы түсіндіретін бағдарламаны басынан жасаймыз.
03
Нәтижені адал айтамыз
Оқу мерзімі, бағдарлама және баға ашық көрсетіледі. Жылдам нәтиже емес, тұрақты прогресс ұсынамыз.
Бірінші топпен бірге платформаны дамытып жатырмыз.
Әр пікір келесі сабаққа, жаттығуға және бүкіл оқу тәжірибесіне тікелей әсер етеді.
Тарифтер
Төлем ай сайын — келісімшарт жоқ, кез келген айда тоқтатасың. Алдымен 6 тегін сабақтан өтесің, төлем содан кейін ғана.
Платформа
9 900 ₸ / ай
күніне ≈ 330 ₸
- Барлық видеосабақтар
- Ойын-жаттығулар
- Checkpoint-тер мен прогресс
- Өз қарқыныңмен, кез келген уақытта
Платформа + клуб
14 900 ₸ / ай
күніне ≈ 500 ₸
- «Платформадағының» бәрі
- Аптасына бір рет тірі топтық практика
- Шағын топ — 8–10 адам
- Куратор прогресіңді бақылап, қолдап отырады
Клуб тобы тегін 6 сабақтан өткендерден жиналады — топ толғанда басталады. Орын шектеулі.
Салыстыру үшін: жеке репетитор — сабағына 5 000–10 000 ₸. Жеке сабақтар керек болса — тіркелген соң жаз, бөлек ұсынамыз.
Жиі қойылатын сұрақтар
A1, B2 деген не?
Тіл деңгейінің халықаралық шкаласы. A1 — ең басы: өзің туралы айтып, қарапайым сұрақтарға жауап бересің. A2 — күнделікті әңгіме. B1 — пікіріңді еркін айтасың. B2 — кез келген тақырыпта сенімді сөйлейсің. Біз A1-ден бастаймыз — ештеңе білу міндетті емес.
Мен мүлдем нөлден бастаймын. Бұл курс маған келе ме?
Иә. Курс нөлден басталады: алғашқы сабақтан-ақ өз тіліңдегі таныс құрылымдар арқылы түсінесің. Күмәнің болса — алдымен алты тегін сабақтан өтіп көрші.
Сабақтар қашан, қалай өтеді?
Видеосабақтарды өзіңе ыңғайлы уақытта көресің — қатаң кесте жоқ. Клуб тарифінде топтық практика аптасына бір рет, уақыты топпен бірге келісіледі.
Уақытым аз. Үлгерем бе?
Күніне 20–30 минут жеткілікті: бір видео немесе бір-екі ойын. Әр тақырып аптаға есептелген — асығатын ештеңе жоқ.
35+ жаста бастау кеш пе?
Кеш емес. Түсіндірме ана тіліңде болғанда тілді кез келген жаста үйренуге болады. Топтарда жастар да, ересектер де бар.
Төлем қалай жүреді? Қалай тоқтатам?
Ай сайын төлейсің. Жалғастырғың келмесе — келесі айды төлемейсің, болды. Ұзақ келісімшарт та, айыппұл да жоқ.
Неге жеке репетитор емес?
Репетитор — сабағына 5 000–10 000 ₸ және аптасына 1–2 сағат. Мұнда күн сайын жүйелі жаттығасың, бағасы айына репетитордың екі сабағындай.
Неге түсіндірме қазақша?
Жаңа тілді ана тілің арқылы түсіну — ең қысқа жол: ережені жаттамайсың, мағынаны көресің. Оның үстіне курс қазақ тілінің ерекшеліктеріне құрылған — орысшадан аударылған курс емес.
6 тегін сабақтан кейін не болады?
Checkpoint-тан өтіп, нәтижеңді көресің. Жалғастырғың келсе — тариф таңдайсың, сабақтар сол жерде, сайтта жалғасады. Ештеңе автоматты түрде төленбейді.
Ағылшынды бүгіннен бастап көрші
Алғашқы алты сабақ — тегін. Тіркел де, бірінші сабақты бүгін-ақ баста.